Павлодарда 29 сәуір күні кейбір мекенжайларда су болмайды

Баймолдин көшесі мен Назарбаев даңғылы бойында ысырманы қосу бойынша жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, осыған байланысты сағат 9:00-ден 00:00-ге дейін келесі мекенжайларда уақытша су болмайды:
- Катаев көшесі, 86, 88, 98, 109/1, 111, 111/3, 111/4, 113, 157;
- Кулундинская көшесі, 56;
- Амангелді көшесі, 38 («Нұрсая» мейрамханасы);
- Дорожная көшесі, 40;
- Назарбаев даңғылы, 231, 231А (ЖҚС «Гелиос»);
- Амангелді көшесіндегі Назарбаев даңғылынан Ворушин көшесіне дейінгі жеке үйлер;
- Радищев көшесіндегі Назарбаев даңғылынан Катаев көшесіне дейінгі жеке үйлер;
- Катаев көшесіндегі Теплов көшесінен Краснодонская көшесіне дейінгі жеке үйлер;
- Кулундинская көшесіндегі Радищев көшесінен Краснодонская көшесіне дейінгі жеке үйлер;
- Амангелді – Баянауыл, Амангелді – Семенченко, Амангелді – Көкшетау, Амангелді – Қамзин, Амангелді – Сейфуллин, Амангелді – Семипалатинская, Амангелді – Ақтөбе, Амангелді – Катаев, Катаев – Теплов, Дорожная – Краснодонская, Радищев – Ақтөбе көшелеріндегі су құбырлары.
Жауапты қызметкерлер туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды, бірақ бұл жұмыстар сумен жабдықтау сапасын жақсартуға бағытталғанын жеткізді. Тұрғындардан алдын ала су қорын жасап алу сұралады.