Павлодарда алдағы жылыту маусымына дайын үйлер белгілі болды

Павлодарда алдағы жылыту маусымына дайын үйлер белгілі болды

31 мамырдағы жағдай бойынша облыс орталығында 80-ге жуық тұрғын үй қысқа 100% дайын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жылыту маусымына дайын үйлердің тізімі қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің Instagram парақшасында жарияланды.

- Павлодар қаласында 2023-2024 жылы жылыту маусымына 100% дайындықпен отырған 77 үй бар. Осы ретте үйлеріңіздің жылыту маусымына дайындық барысы туралы ақпаратты қызмет көрсететін ұйымдардан тексеріңіз, - делінген хабарламада.

Дайын үйлердің тізімін төмендегі сілтеме арқылы көре аласыз.