Павлодарда алтын концентратын шығаратын зауыт ашылады
Ол ел экономикасына оң әсерін тигізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының экономикасы 930 миллион долларға бағаланады. Өңірде алтын зауытын іске қосу нәтижесінде жылына 300 мың тонна алтын концентраты өңделіп, 15 мың тонна алтын шығарылады.
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған баспасөз конференциясында облыс әкімі Асайын Байханов мәлімдеді.
– Бұл зауыт көмір жағу арқылы жұмыс істемейді, ауаға түтін шығару қоршаған ортаға қауіп төндірмейді. Зауыт электр қуатымен жұмыс істейтін болады, – деп қосты әкім.
Зауытты халықаралық «Solidcore Resources» компаниясы салады. Кәсіпорын полиметалл зауыттары тобына кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, келесі жылы Павлодар облысында пластмасса, шыны, металл және қағазды сұрыптайтын өңірдегі бірінші қоқыс сұрыптау зауытын салу жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары сәуір айында басталады.