Павлодарда антитеррорлық оқу-жаттығу басталды

Павлодарда антитеррорлық оқу-жаттығу басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шара «Ertis Olympic» басейні  ауданында ұйымдастырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Павлодар облысының терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабының мәлімдеуінше, 30 сәуір күні сағат 09:00-ден 16:00 дейін Павлодар қаласында «Ertis Olympic» бассейні  ауданында террористік актілердің алдын алу және олардың салдарын жоюға бағытталған жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу өткізіледі.

– Азаматтардан автокөлік қозғалысына уақытша енгізілуі мүмкін шектеулерге түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Мамандар тек ресми ақпаратқа сүйеніп, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеуге шақырады.