Павлодарда ашық аспан астындағы поэзиялық кеш өтеді

Павлодарда ашық аспан астындағы поэзиялық кеш өтеді
Фото: Константин Шелков

Ақынның шығармалары жатқа оқылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

19 мамырда сағат 19:00-де төменгі жағалауда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана мен «LEP» әдеби бірлестігі сіздерді ақын, жазушы, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...» атты поэзиялық кешке шақырады.

– Сұлтанмахмұт Торайғыров — көрнекті қазақ ақыны, ағартушысы және ойшылы. Оның шынайы жырлары мен батыл идеялары ғасырдан астам уақыт бойы шабыт сыйлап келеді. Осы кеште біз ақынның поэзиясына, ел тағдыры туралы ойларына, туған жерге деген махаббатына және білімге ұмтылуына терең бойлаймыз, – дейді ұйымдастырушылар.

Тұрғындарды өлеңдерді жанды дауыспен оқу, музыкалық нөмірлер, интерактивті бағдарлама, жылы атмосфера мен шабыт күтеді.