Павлодарда ауладағы тілдер клубы ашылды

Павлодарда ауладағы тілдер клубы ашылды
Фото: Константин Шелков

Оқытушылар лингвистикалық кедергілерді еңсеруге көмектеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Павлодарда ауызекі мемлекеттік тілді үйрену үшін алғашқы "Үйде сөйле" аула клубы ашылды. 

"Жастар Ассамблеясы" қоғамдық бірлестігінің өңірлік филиалының төрағасы Рамиль Смайыловтың айтуынша,, жобаның басты мақсаты – тұрғындарды қазақ тілінде сөйлеуден қорықпауға шақыру. Әрі ассамблея әр үйге барып, тіл клубының тұсаукесерін аулаларда өткізеді. 

- Әдістемелер қазақ тілін үйренуге және психологиялық тосқауылды еңсеруге бағытталған. Өйткені көптеген адамдар шын мәнінде мемлекеттік тілді біледі, бірақ бірдеңе айтудан жасқанады, - дейді ол. 

Аула клубы Достық үйінде орналасқан. Ассамблея мүшелері тілек білдірушілердің үйлерінің жанында аула клубын ашуды көздеп отыр. Соның ішінде жобаны алғашқы болып қабылдаған Қамзин көшесі, 80 үйдің аумағында үй-жай ашу жоспарлануда. 

Оқытуға еріктілер, кәсіби педагогтар тартылады. 

Қазақ тілін үйрену жастар үшін өте маңызды деп ойлаймын. Бұл қарым – қатынас жасауға көмектеседі. Өзге түркі тілдес халықтардың өкілдерімен тығыз байланыста болуға мүмкіндік береді, - дейді Славян этномәдени орталығының жастар көшбасшысы Ангелина Левина. - Әсіресе, ауызекі тілді оқытуды жоспарлап отырғаны бізді қуантады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай клуб елімізде алғаш рет Ертіс-Баян өңірінде ашылып отыр. Алдағы уақытта жоба еліміздің барлық өңірлерінде пайда болмақ.