Павлодарда авто-мото шеруі өтті

Павлодарда авто-мото шеруі өтті
Фото pixabay.com\Pexels

Мотоцикл жүргізушілері қорғаныс мотоэкипері мен мотошлемдерге қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізушілердің, жаяу жүргіншілердің де жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттілігіне назар аудару мақсатында полиция департаментінің қолдауымен «Біз-Қауіпсіз жол үшін!» авто-мото шеруі өтті.

–   Қатысушылар өздерінің және жақындарының қауіпсіздігін елемейтіндердің барлығына өздерінің «темір жылқыларын» жүргізу кезінде қорғаныс құралдарын айқын көрсетті, – деді департаментте.

Мотошеруге қатысушыларға жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс туралы ақпараты бар парақшалар таратылды.

Ұйымдастырушылар мен мотошеруге қатысушылар жолдардағы қауіпсіздік жауапкершілікті, тәртіпті және бір — біріне құрмет көрсетуді талап ететін ортақ іс екенін еске салып, жол қозғалысының барлық қатысушыларын жолда мұқият болуға шақырды.