Павлодарда Ұлы Отан соғысы ардагерін еске алуға арналған футбол турнирі өтті

Павлодарда Ұлы Отан соғысы ардагерін еске алуға арналған футбол турнирі өтті
Фото: pexels.com

Шағын футболдан турнир Ұлы Отан соғысына қатысқан Қабылда Әкімжановқа арналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Шара «Форвард» балалар футбол клубының ұйымдастыруымен Павлодар облысының спорт клубтары арасында  өтті

2014-2015 жылы туған балалар арасындағы жарысқа облысымыздың үш қаласынан 8 команда сынға түсті. 

– Командалар екі топқа бөлініп ойнады. Әр топтан екі команда шешуші кезеңге жолдама алды. Бұл турнирді дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып отыр, – деді турнирдің бас төрешісі Серік Матаев.

Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды «Number one-1» командасы жеңіп алды. 2-орын «Санлин» командасына, 3-орын «Форвард-2» командасына бұйырды. 

Жүлдегер командаларға медальдар мен кубоктар, барлық балаларға тәтті сыйлықтар табысталды. 

Айта кетейік, Қабылда Әкімжанов 1910 жылы дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысып, Берлинге дейін барған. ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталған.