Павлодарда бірқатар тұрғын үйлерде жарық болмайды

Павлодарда бірқатар тұрғын үйлерде жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр желісінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қазан күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Малайсары батыр көшесі, 27, 33, 35, 37, 37/1-үйлерінде және сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін Алматы көшесі, 20, Ж.Аймауытов көшесі, 35, 37 және С.Нұрмағамбетов – Рижская – Ж.Аймауытов – Смоленская көшелері алаңындағы тұрғын үйлерде электр қуаты сөндіріледі.