Павлодарда балалар бассейні жұмысын қайта бастады

Павлодарда балалар бассейні жұмысын қайта бастады
Фото: pixabay.com/ hrohmann

Қатты желден кейін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

24 маусымнан бастап бассейн штаттық режимде жұмыс істейді. 

Орталық жағалаудағы балалар бассейні 1 маусымнан бастап өз жұмысын бастаған. Биылғы маусымда келушілердің ыңғайлылығын арттыру мақсатында «Бассейн PVL» Telegram-боты іске қосылды. Енді тұрғындар онлайн тіркеліп, бассейнге жылдам әрі кезексіз жазыла алады.

Еске сала кетейік,  дауылды жел салдарынан қалалық бассейн 20-22 маусым аралығында жабылған болатын.