Павлодарда балалар биатлонмен тегін шұғылдана алады

Павлодарда балалар биатлонмен тегін шұғылдана алады
Фото: pexels.com

Олимпиада спорт түрінің біріне қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы биатлон бөлімшесінің мәліметінше, 8-12 жастағы балаларды қабылдау науқаны басталды. 

– Балаларыңыз ойнап, жүгіріп, ролик пен роллер тебеді. Ал қыста шаңғыға тұрып, нысанаға тигезетін болады. Балаларды жаттықтырушылар үйретеді. Барлық сабақтар тегін өтеді, – делінген хабарламада. – Қысқы спорт түрлері денсаулыққа пайдалы әсер етеді, дененің төзімділігі мен физикалық белсенділікті арттырады. 

Қосымша ақпаратты келесі байланыс телефондар арқылы білуге болады: Вячеслав  Морозов 8 (708) 171-85- 00, Виктория Гумарова 8 (705) 620- 17- 96.