Павлодарда «Балалық шаққа саяхат» кітабының дыбыстық жазба нұсқасы шықты

Павлодарда «Балалық шаққа саяхат» кітабының дыбыстық жазба нұсқасы шықты

Тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапқа шолу жасалды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана төрінде Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Балалық шаққа саяхат» кітабының дыбыстық жазба нұсқасының тұсаукесері өтті.

Балалар әдебиетінің алып бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл биыл ЮНЕСКО көлемінде тойлануда. Еліміздің барлық өңірлерінде «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қаламгердің мерейтойы аталып өтті.

–  Жазушының қызы Самал Соқпақбаева, сондай-ақ республиканың барлық кітапханалар Zoom желісі арқылы байланысқа шықты. Самал Бердібекқызы әкесі жайлы тың деректермен бөлісіп, алғысын білдірді. Республикалық зағип және көру қабілеті төмен азаматтарға арналған кітапхана басшысы Асхат Байұзақовқа сөз берілді, – дейді кітапханада. 

Кітаптың дыбыстық жазба нұсқасының басылып шығуына үлес қосқан Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ономастикалық жұмыс және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Батырбек Қайыр кітаптың лентасын қиып, сөз сөйледі.

Кітапхананың белсенді оқырманы Балабек Даутбаев «Қарабауыр қасқалдақ», «Қыздар», «Сәулем-ай» ансамбілінің мүшесі Лилия Қызынгашева «Көзімнің қарасы» әндерін орындады. Кешке №24 мектептің оқушылары мен кітапхананың белсенді оқырмандары қатысты.