Павлодарда бас ұстаз қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды аралады
Әр отбасы бақылауға алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин бірнеше күн бойы арнайы топпен жатақханаларды қарап шықты.
– Барлығы отбасынан басталады. Отбасы - адам өміріндегі ең маңызды және құнды нәрсе. Жақындар әрқашан қолдау көрсетіп, кеңес береді. Егер бала қолайсыз жағдайда өссе, бұл үлкен трагедия,– деп жазды Қуаныш Қыдыралин өзінің Instagram парақшасында.
Арнайы топ он отбасыға барып келді. Әрқайсысының өзіндік мәселесі бар.
– Мысалы, біреуіне атаулы әлеуметтік көмек ресімдеуге кеңес бердік, басқаларын уақытша компьютерлік техникамен, мектеп формасымен қамтамасыз еттік, қамқоршылық бойынша қаражатын есептеу мәселесін шештік, басқаларына білім беру мекемелерінде жұмыс ұсындық,– деді Қуаныш Қыдыралин.
Жанұяларды аралау кезінде анасы отбасын тастап, бір жарым жасар баланы әкесімен бірге қалдырған сирек жағдай да кездесті. Ішімдікті пайдаланып жатқан отбасылар да болды. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Егер сіз көмекке мұқтаж отбасыларды немесе балалардың қолайсыз жағдайда тәрбиеленіп жатқанын білсеңіз +7 700 266 3164 нөмірі арқылы WhatsApp-қа жазуға болады,– деді Қуаныш Қыдыралин.
Рейдтер өз жалғасын тауып, отбасылар бақылауда болады.