Павлодарда бас сәулетші қызметінен босатылды

Павлодарда бас сәулетші қызметінен босатылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қалада тоғыз қабатты үйлердің құрылысына жол берілмеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Былтыр 30 қарашада Павлодар қаласы әкімдігі ауданы 364 гектарда 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер салу мүмкіндігі туралы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіткен.

– Бұл қала құрылысы құжаты Бас жоспардың талаптарына қайшы келеді, онда осындай нысандарды 4-5 қабаттан аспайтындай салуға рұқсат етілген,– деді облыстық прокуратурада. 

Прокурордың талап арызы бойынша жергілікті атқарушы органның заңсыз актісі сот тәртібімен заңсыз деп танылып, күші жойылды.

Бұдан бұрын қадағалау актісі бойынша мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін Павлодар қаласының бас сәулетшісі қызметінен босатылды.