Павлодарда бес қабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде алты адам құтқарылды
Оның біреуі - бала, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тілсіз жау Ледовский көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден шыққан.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Құтқару жұмыстары барысында баспалдақ арқылы 6 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды.
— Өрт шыққан пәтерден мүмкіндігі шектеулі ер адам құтқарылды. Медициналық тексеруден кейін ол ауруханаға жеткізілді. Жалын 2 шаршы метр аумақта сөндірілді, - делінген хабарламада.
Облыстық жедел жәрдем станциясы 61 жастағы ер адамның өз пәтеріндегі өрттен кейін жану өнімдерімен (иіс тиіп) улану бойынша Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілгенін атап өтті. Сонымен қатар, ер адам төсекте шылым шеккенін айтқан. Бұл тілсіз жаудың шығуына себеп болуы мүмкін.