Павлодарда болашақ ата-аналарға арналған ашық есік күні өтеді
Онда акушер-гинеколог және неонатолог дәрігерлер кеңес береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облыстық перинаталдық орталығының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ашық есік күні 27 қазан күні сағат 12:00-ге жоспарланған.
– Келушілер акушер-гинеколог және неонатолог дәрігерлердің кеңесін ала алады. Ашық есік күні аясында мамандар тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, кәсіби дағдыларымен бөліседі, – делінген хабарламада.
Ұйымдастырушылар тұрғындарды іс-шараға қатысып, білікті мамандардан кеңес алуға шақырады.
Еске сала кетейік, Павлодарда жүкті әйелдер бір күнде толық скринингтен өте алады. Мұндай мүмкіндік орталыққа жаңа құрал-жабдықтардың келуіне байланысты туып отыр.