Павлодарда екі әйелді пышақтаған туралы ақпарат фейк болып шықты

Павлодарда екі әйелді пышақтаған туралы ақпарат фейк болып шықты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полиция рас деректермен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде Днепропетровская көшесінде екі ер адам екі әйелді пышақтағаны туралы ақпарат пайда болды. Хабарламада әйелдер қатты жарақат алған деп жазылды. Алайда облыстық полиция департаменті бұл оқиғаның шындыққа сәйкес еместігін айтты. 

– Шақыру орнында полицейлер ер адам қонақта болған кезде шыны есікті жұдырықпен ұрып, қолын кесіп тастағанын анықтады. Содан кейін ол медициналық көмекке жүгінді, – деді департаментте.

Ведомствода тұрғындарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі аталмыш мекенжай бойынша қоңырау таңғы сағат 03:34-те түскенін мәлім етті. Бригада жарақат алған 23 жастағы жігітті Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға жеткізді.