Павлодарда «ERTIS DAUYSY – 2026» вокалдық байқауының қорытындысы шығады

Павлодарда «ERTIS DAUYSY – 2026» вокалдық байқауының қорытындысы шығады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өнерпаздар Ertis Promenade сахнасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы әкімдігінің мәліметінше, 1 шілде күні сағат 11:00-де облыстың жастар ұйымдарының көшбасшыларына Қазақстан Республикасының Конституциясын салтанатты түрде табыстау рәсімі және «Жасыл ел» жазғы еңбек маусымының ашылуы өтеді.

Сол күні 19:00-20:00 аралығында йога әуесқойлары LEONE D’ORO фитнес-жаттықтырушысымен ашық аспан астында жаттығу жасай алады.

2 шілде күні сағат 20:00-21:00 аралығында TOP STAR ұйымдастыратын «Павлодар на спорте» жобасы аясында түрлі форматтағы жаттығулар өтеді.

3 шілде күні сағат 19:00-де Успен ауданының шығармашылық ұжымдарының концерті ұйымдастырылады.

4 шілде күні сағат 09:00-10:00 аралығында «Павлодар на спорте» спорттық іс-шарасы жалғасады.

Сол күні сағат 19:00-де жағалауда «ERTIS DAUYSY – 2026» вокалдық байқауының жеңімпаздары марапатталады. Кештің арнайы қонағы – Ринат Мальцагов.

5 шілде күні сағат 19:00-де қала тұрғындары мен қонақтарына Рүстембек Омаров атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі мен «Шаңырақ» орталығының концерті ұсынылады. Мерекелік кештің арнайы қонағы – «Әгугәй» ансамблі.