Павлодарда итке тас лақтырған тұрғын жазаланды
Ол айыппұл арқалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Оңтүстік полиция бөліміне қала тұрғынынан Зеленстрой шағын ауданында өтіп бара жатқан адамдар мен иттерге тас лақтырған адамға қатысты шағым келіп түсті.
– Менің доберман итімнің басы мен алдыңғы аяғы жарақаттанды,– деді иттің иесі. – Итім көрмелерге қатысып отырады. Ол адам лақтырған кірпіш басқа тұрғындарға тиіп кетпегеніне шүкір деп айтуға болады.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР ӘҚБтК-нің 407-бабының бірінші бөлігіне сәйкес ер адамға 18 460 теңге айыппұл салынды.