Павлодарда кәсіпорындар арасында футболдан жарыс өтті

Павлодарда кәсіпорындар арасында футболдан жарыс өтті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жарысқа жеті команда қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, «Павлодарэнерго» энергия жүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігіне кіретін кәсіпорындар арасында өткен шағын футбол турнирінде бірінші орынға ие болды. 

Жарысқа жеті команда қатысты: «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, «ПЭТК» АҚ, «Павлодарские тепловые сети» ЖШС, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС, «Каустик» АҚ, «УПНК-ПВ» ЖШС және Баянауыл ЭЖА командасы. 

Ойындар сериясының қорытындысы бойынша «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ құрамасы алтын жүлдеге, «УПНК» ЖШС күміс жүлдеге ие болды. Үшінші жүлделі орын үшін «Павлодарские тепловые сети» ЖШС мен «Каустик» АҚ күресті, онда негізгі уақыт 2-2 тең есеппен аяқталды. Пенальти сериясынан кейін «Каустик» АҚ командасы жеңіске жетіп, қола жүлдеге ие болды.