Павлодарда көші-қон заңнамасын бұзған Қытай азаматына айыппұл салынды
Ол Қазақстанда болу мерзімін он тәулікке асырып кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған Қытай Халық Республикасының азаматына қатысты істі қарады.
Сот анықтағандай, ҚХР азаматы Х. 2025 жылғы 22 маусымда Қазақстан аумағына келген және 21 шілдеге дейін уақытша тіркелген. Алайда тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін ел аумағынан шықпай, көші-қон талаптарын бұзған. Оның елде болу мерзімі он тәулікке асып кеткен.
Сот отырысында азамат Х. өз кінәсін толық мойындап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада көрсетілген деректермен келісті.
Істі қарау қорытындысы бойынша сот азамат Х.-ны ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 98 300 теңге мөлшерінде айыппұл салды.
Қаулы заңды күшіне енді.