Павлодарда КамАЗ заңсыз қоқыс төккен жерінен ұсталды

Павлодарда КамАЗ заңсыз қоқыс төккен жерінен ұсталды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосурет

Рейд барысында экологиялық заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыста «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өткен рейд кезінде құрылыс қалдықтарын заңсыз төгу дерегі тіркелді. Тексеруді тәртіп сақшылары облыстық экология департаментімен бірлесіп жүргізді.

Заң бұзушылық қаланың орталық өнеркәсіптік аймағында болған. КамАЗ жүргізушісі құрылыс қалдықтарын арнайы қоқыс төгуге арналмаған аумаққа төккен. Соның салдарынан заңсыз үйінді пайда болған.

Аталмыш дерек бойынша полиция қызметкерлері қажетті материалдарды жинады.  Процестік шешім қабылдау үшін оларды Павлодар облысының экология департаментіне жолдады, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары құрылыс қалдықтары тек арнайы жабдықталған полигондарға шығарылуы тиіс екенін еске салды. Мұндай қалдықтарды рұқсат етілмеген орындарға төгу қоршаған ортаға зиян келтіреді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.