Павлодарда хабарсыз кеткен жігіт іздестірілуде

Павлодарда  хабарсыз кеткен жігіт іздестірілуде

Әбунасыр  Қамзаев Асқарұлынан төрт күннен бері ешбір хабар жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Vita еріктілерінің мәліметінше, ол 1998 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Биыл 9 ақпан күні Байзақов көшесі, 131/1 мекенжайы бойынша белгісіз бағытта шығып кеткен  және осы күнге дейін оның қайда жүргені белгісіз. 

Бойы - 177 см, көздері қоңыр, шашы қара, спортпен шұғылданады. 

Ұзындығы тізеге дейін қара күртке, қара шалбар мен қоңыр бәтіңке киген. 

Оның қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат болса, 87476155563 – (Катерина), 87773348201 – (Светлана)  немесе «102» телефон нөмірлеріне хабарлауды сұрайды.