Павлодарда коммуналдық саладағы қызметтерді онлайн режимінде ұсыну мәселелері талқыланды

Павлодарда коммуналдық саладағы қызметтерді онлайн режимінде ұсыну мәселелері  талқыланды
Фото: Константин Шелков

Қабылдау ведомствоның Facebook ресми парақшасы арқылы көрсетілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

2024 жылғы 3 қыркүйекте ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті Павлодар қаласы мен Екібастұз қаласының табиғи монополиялар субъектілерімен бірлесіп, тұтынушыларға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметтерді онлайн режимінде ұсыну мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау ұйымдастырды. Онда әрбір адам онлайн режимінде оны қызықтыратын сұрақты қоюға және оған тиісті жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

Қоғамдық қабылдау барысында департаменттің ағымдағы кезеңдегі атқарылып жатқан жұмыстары туралы мәліметтер туралы айтылды. Сондай-ақ, жылумен, энергиямен және сумен қамтамасыз ету бойынша департамент атына келіп түсетін тұтынушылардың сұрақтары, коммуналдық саладағы басқа да өзекті мәселелер бойынша сөз қозғалды.

Сонымен қатар, табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдеріне көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, азаматтардың өтініштерін қарау мәселелеріне қатысты тұтынушылар алдында сөз сөйлеу мүмкіндігі берілді.

Айта кетейік, тұтынушыларға арналған аталмыш қоғамдық қабылдаулар тұрақты негізде, әр айдың бірінші сейсенбісінде өткізіледі.