Павлодарда контент түсіремін деп жол ережесін бұзғандар жазаланды
Құқық бұзушылықтар әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Өңірде тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Тексеру барысында полицейлердің назары ерекше видеоға түскен. Онда жолаушылар өз өмірлері мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіре отырып, көлік қозғалысы кезінде артқы есіктерді ашып, көліктен сыртқа шығып отырған. Полицейлер қауіптің жолын дер кезінде кесті.
— Жүргізушінің жеке басы анықталды. Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін ол жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жолаушылар да жауапкершілікке тартылды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, - деді Павлодар қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының командирі Жандос Байкенов.
Командирдің айтуынша, мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың барлығының өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді. Көру санын көбейтуге ұмтылу және әсерлі контент жасауға деген ниет қайғылы жағдайға себеп болмауы мүмкін екенін ескертеді.