Павлодарда кварталішілік желілердің жөнделуі аяқталуға жақын
Жұмыстар жаздың соңына дейін бітеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Биыл алғаш рет Павлодарда магистралдік желілермен қатар, кварталішілік жылу желілері де жаңартылуда. Аймақ басшысы Асайын Байханов қайта жаңартылатын учаскелердің бірі Ломов-Ак.Бектұров көшелерінің қиылысындағы жөндеу жұмыстарын тексеріп қайтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.
– Осы учаскелердегі желілерді жаңарту - 17 мыңнан астам тұрғын үшін жылумен жабдықтау сапасын едәуір жақсартады, – деп жазды Асайын Байханов.
Жұмыстар 80% - ға аяқталды, оларды 25 тамызға дейін толығымен орындау жоспарлануда.
Облыс әкімі аталған жұмыстарды бақылауда ұстауды және мердігерлерге жұмыстарды мерзімінде орындауды тапсырды.
Айта кету керек, Павлодарда 11,8 км жылу желіні жаңарту жоспарланып отыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі