Павлодарда мәңгілік алаудың құрылымын бұзған күдікті ұсталды
Вандализм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Даңқ мемориалындағы мәңгілік алау жұлдызының зақымдануы бойынша Павлодар қаласының 39 жастағы тұрғыны күдікке ілінді. Вандализм сәуірдің 10-нан 11 -не қараған түні шамамен сағат төртте болғаны анықталды. Полиция аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Вандализм үшін 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен немесе 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға, не болмаса 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жаза қарастырылады.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, ҚР қылмыстық- процессуалдық кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес «адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі».