Павлодарда Мәшһүр Жүсіп мектебі екінші жыл шешендік шеберлік танытты
Оқушылар өзекті мәселелер туралы белсенді пікірталас жүргізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Малайсары батыр атындағы мектеп базасында республикалық кезеңнің екі күндік қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге қалалық жалпы білім беру мектептерінің 9-11-сыныптардың 78 оқушысынан тұратын 26 команда қатысты.
Турнир 1998 жылы Австралияда мектеп пікірсайысы чемпионатын өткізу үшін арнайы құрылған британдық парламенттік және австралиялық-азиялық пікірсайыс форматтары негізінде WSDC (World Schools Debate Format) жаңа дүниежүзілік мектеп пікірсайыс түрінде өткізілді.
Турнир қорытындысы бойынша екі лиганың жеңімпаздары №11 мектептің «Пикми» командасы, Ж. Тәшенев атындағы мектептің «Кейін» командасы болды. №43 мектептің «DISPUTE» командасы, № 14 мектептің «Mustafa» командасы екінші дәрежелі дипломдармен марапатталды. Үшінші дәрежелі дипломдармен №27 мектептің «Antares» командасы, №5 мектептің «Brainstorm» командасы, № 2 мектептің «Shabyt» командасы, № 25 мектептің «Justice» командасы марапатталды.
«Үздік спикер» номинанттары алты оқушы болды.
– Жас пікірсайысшылар өз алаңдарында еліміз үшін өзекті мәселелер туралы белсенді пікірталас жүргізді. Дау өткір және қызықты болды. Турнирде білім және ғылым, саясат және қоғам тақырыптары талқыланды, – дейді орталықтың әдіскері Жұмағүл Күренбаева.
Мәшһүр Жүсіп атындағы мектептің «Зияткер» командасы шешендік шеберлік танытып, екінші рет «Үздік команда» номинациясымен марапатталды.
Қалалық турнир жеңімпаздары 16 қыркүйекте өтетін облыстық кезеңге қатысады.