Павлодарда «Мисс Павлодар» байқауының финалы өтеді

Павлодарда «Мисс Павлодар» байқауының финалы өтеді
Иллюстрация: жасанды интеллект

Байқаудың финалында арнайы қонақ ретінде әнші Нұржан Керменбаев өнер көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Miss Qazaqstan ұлттық сұлулық және таланттар шоуының Павлодар облысындағы филиалының мәліметінше, кеш барысында Павлодардың ең сұлу қыздары өнер көрсетіп, шығармашылық нөмірлерін ұсынады. Сонымен қатар көрермендерді мерекелік бағдарлама мен арнайы қонақ – әнші Нұржан Керменбаевтың өнері күтеді.

Іс-шара 1 тамыз күні сағат 16:00-де Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өтеді. 

Кіру тегін.