Павлодарда Наурыз мерекесінде өтетін концерттің орны ауыстырылды

Наурыз мейрамына арналған жоспарда өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
22 наурыз күні сағат 15:00-де Batyr mall сауда орталығында «Шаңырақ» орталығымен жоспарланған «Әз-Наурыз» думанды кешінің уақыты мен орны өзгертілді. Концерт сол күні, бірақ сағат 16:00-де «Шаңырақ» концерттік залында өтеді. Кіру – тегін
Қала тұрғындары мен қонақтары үшін елімізге белгілі «Алатау серілері» тобы өнер көрсетеді. Сондай-ақ, «Шаңырақ» орталығының шығармашылық ұжымдары ән мен күйден шашу шашады