Павлодарда оннан астам маршрут оңтайландырылды

Қоғамдық көлік бойынша бір айдағы өзгерістердің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
20 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында қоғамдық көліктің маршруттық желісін оңтайландыру бойынша кешенді жұмыс жүргізілді.
Іс-шаралар аясында 11 маршрутты оңтайландыру және 2 тиімсіз бағытты жою жоспарланды. Қозғалыс сызбаларын түзету көліктік қолжетімділікті, азаматтардың өтініштерін талдау, сондай-ақ нақты жолаушылар ағыны мен маршруттардың жүктелу деңгейін бағалау негізінде жүзеге асырылды.
Тесттік кезеңінің қорытындысы бойынша мынадай түпкілікті шешімдер қабылданды:
Жолаушылар ағыны тасымалдаушылардың пайдалану шығыстарын ең аз жабуды қамтамасыз етпейтін және субсидиялау бөлігінде қалалық бюджетке елеулі жүктемені қалыптастырған, тиімді емес үш бағыт жойылды — №5, №6 және №17. Бұл ретте бағыттарға көліктік қызмет көрсету сақталды.
Бұрын бау-бақшаға дейін №6 және №17 маршруттары қатынаса, енді көктем-жаз кезеңінде №21 және №40 маршруттары жүретін болады.
Ал № 5 маршрутқа мініп жүрген жолаушылар басқа да сұранысқа ие автобус және трамвай маршруттарына көшті.
№40, 41, 38, 66 қала маңындағы маршруттар қазір теміржол вокзалына дейін жүреді. Шешім теміржол вокзалы ауданындағы дамыған көлік айырбасын ескере отырып қабылданды. Жолаушылар ағыны 60 мың транзакцияға өсті.
Бұл ретте №66 және №40 маршруттар ұзындығының айтарлықтай қысқаруын ескере отырып, жолаушылар үшін бір сағат ішінде тегін ауысып міну енгізілді, бұл көлікке қолжетімділікті айтарлықтай арттырады. Бір айда 56 591 адам тегін ауысып міну қызметін пайдаланды.
Теміржол вокзалынан Усолка шағын ауданына дейін жүретін №66А бағыты енгізілді.
Маршруттағы орташа жолаушылар ағыны қазірдің өзінде 2 мың транзакциядан асады. Қысқартылған қозғалыс схемасы мен 14 минутқа дейінгі аралықтың арқасында маршрут жолаушыларға таныс болған сайын одан әрі өсу күтіледі.
№1 және №1Э маршруттарды біріктіру жылжымалы құрамды біріктіру есебінен маршруттардың қайталануын азайтуға және қозғалыс жүйелілігін арттыруға мүмкіндік берді.
№21 және №24 маршруттарды екі қозғалыс сызбасы бар бірыңғай маршрутқа — теміржол вокзалына дейін және Прибрежный шағын ауданына дейін біріктіру.
Жолаушылар үшін бағыттар бойынша қолжетімді рейстер саны ұлғайтылды, екі бағыт бойынша маршруттың ыңғайлылығы мен икемділігі артты.
Маршруттық желіні оңтайландыру нәтижелері:
- рентабельді емес 3 бағыт жойылды № 5, 6, 17;
- 4 бағыттағы № 1, 1Э, 21, 24-маршруттары 2 бағытқа: №1 және №21 маршрутына біріктірілді;
- 3 бағыттағы № 40, 66, 41 маршруттары ұзындығы бойынша қысқартылды;
- № 66А қосымша бағыты енгізілді;
- желіні қайта қарау және тартылған автобустар санын 262-ден 252 бірлікке дейін қысқарту есебінен маршруттарға қызмет көрсетуге арналған пайдалану шығындары айтарлықтай төмендеді;
- жолаушылар ағынының 10 пайызға артуы-күніне 169 441-ден 186 814 транзакцияға дейін;
- тасымалдаушыларды субсидиялау көлемін қысқарту есебінен бюджет қаражатын жыл сайын 4 миллиард теңге көлемінде үнемдеу;
- қоғамдық көліктің тұрақты жұмысын сақтау және жылжымалы құрамды жоспарлы түрде жаңартуды қамтамасыз ету.