Павлодарда пленэрлік жұмыстардың көрмесі қойылады

Павлодарда пленэрлік жұмыстардың көрмесі қойылады
Фото: Константин Шелков

Көрме Баянауылдың көркем пейзаждары аясында өткізілген пленэрдің қорытындысы болып табылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«АРТ-ТӨР. 2024» жобасы аясындағы пленэрлік жұмыстар көрмесі 30 қыркүйекте сағат 12:00-де Н.Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде көрнекті суретші Нағымбек Нұрмұхаммедовтың 100 жылдығына және көркемсурет музейінің 60 жылдығына арнап ұйымдастырылады. 

– Көрме Баянауылдың көркем пейзаждары аясында өткізілген пленэрдің қорытындысы болып табылады. Бұл іс-шара өнерді ғана емес, тарихты қамтитын, Қазақстанның мәдени мұрасын қалыптастыруға қосқан қылқалам шеберлерінің үлесін көрсететін өңіріміздің мәдени өміріндегі жарқын кезеңдерінің біріне айналмақ, – дейді музей қызметкерлері. 

Пленэрге Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжанның әр түкпірінен келген суретшілер қатысты. Шетел суретшілері халықаралық аренада ұлттық өнердің дамуына ықпал ететін Қазақстанның мәдени елшілері болып табылады. Олардың пленэр мен көрмеге қатысуы іс-шараның аймақтың мәдени және тарихи мұрасы үшін маңыздылығын көрсетеді.

Көрме туындылары қылқалам шеберлерінің шабыты мен шеберлігінің айғағы болып табылады. Дайын буклеттер арқылы келушілер шығармашылық процеске тереңірек енуге және Қазақстанның өнері мен мәдени дәстүрлерінің құндылығын сезінуіне орасан зор әсер етеді.