Павлодарда сотталған шетелдік туған-туыстарымен бейнебайланыс арқылы сөйлесті
Процедура қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес қатаң жүзеге асырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
№63 мекемеде жазасын өтеп жатқан шетелдік азаматқа Қазақстаннан тыс жерде тұратын жақын туыстарымен бейнеқоңырау арқылы байланысу мүмкіндігі берілді.
Бұл сотталғандардың құқықтарын сақтау, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан пайдалы байланыстарды қолдау және жазаны өтеу жағдайларын гуманизациялау мақсатында ұйымдастырылды. Бейнебайланыс сотталған адамға туған-туыстарымен нақты уақыт режимінде сөйлесуге, жаңалықтармен бөлісуге және эмоционалдық қолдау алуға мүмкіндік берді.
Мұндай іс-шаралар адам құқықтарын сақтауға, қылмыстық-атқару жүйесіндегі гуманистік қағидаттарды нығайтуға және сотталғандарды түзетуге ықпал ететін жағдайлар жасауға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.