Павлодарда студенттер арасында баскетболдан турнир өтті

Павлодарда студенттер арасында баскетболдан турнир өтті
Фото: Константин Шелков

Жарысқа Марғұлан университеті мен Торайғыров университетіндегі «Foundation» тобының тыңдаушылары қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-де баскетбол турнирі ұйымдастырылды. Оған Марғұлан университеті мен Торайғыров университетіндегі «Foundation» тобының тыңдаушылар қатысты.

Турнирге барлығы төрт команда бақ сынап, тартысты ойын көрсете білді. Команда құрамында үш ер және екі қыз бала ойнады. Жарыстың ашылуына университеттің басқарма төрағасы, ректор Ержан Әмірбекұлы қатысып, барлық ойыншыларға сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысы бойынша Марғұлан университетінің «Ақжүрек» командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші және үшінші орындар Торайғыров университетінің командаларына бұйырды. Сонымен қатар, Марғұлан университеті «Foundation»тобының тыңдаушысы Әсет Шаймардан Ең нәтижелі ойыншы аталымымен марапатталды.

Дайындық бөлімінің әдіскері Гүлзада Шакембаеваның айтуынша, биыл 28 бала ЖОО-на түсуге дайындалуда. Барлығы –  шетелде тұратын қандастардың балалары. Оларға әртүрлі спортты-мәдени шаралар жүргізіліп тұрады.