Павлодарда суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды
![Павлодарда суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды](https://pavlodarnews.kz/uploads/images/202311/image_750x_655dd4f97481a.jpg)
Оқыс жағдай Усолка өзенінде болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар суға батып бара жатқан адамды аман алып қалды.
– Құтқарушылар 26 маусымда патрульдеу кезінде 1989 жылы туған ер адамның суға батып бара жатқанын байқады. Жедел құтқару жасағының қызметкерлері ер адамды судан шығарып, жағаға жеткізді, – деді департаментте.
Ведомство барлық өңір тұрғындарын су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады және бейтаныс, жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайтыны жайлы еске салады.