Павлодарда су жағасында балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады

Тіпті, таяз суда да қайғылы жағдай орын алуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тәртіп сақшылары ата-аналарға су жағасында балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
– Баланың қауіпсіздігі – ең алдымен ата-ананың жауапкершілігі. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында күн сайын орталық жағалауда жаяу полиция жасағы қызмет атқарады, – дейді облыстық полиция департаментінде.
Сонымен бірге, аумақты қосымша әуеден бақылау арқылы тексеру жүзеге асырылады. Бұл бақылау арқылы құқықбұзушылықтар, ұрлықтар мен түрлі оқиғалар тіркеліп отырады.
Қоғамдық қауіпсіздік полицияның тұрақты бақылауында.