Павлодарда су желілеріндегі апаттар азаяды

Павлодарда су желілеріндегі апаттар азаяды
Фото: Асия Серикова

Ескі құбырлар толығымен ауыстырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті инвестициялық бағдарламаның орындалу деңгейін тексеру мақсатында «Павлодар-Водоканал» ЖШС нысандарына мониторинг жүргізді.

Инвестиция көзі – кәсіпорынның тариф арқылы алған меншікті қаражаты. Инвестициялық бағдарламаның жалпы құны үш миллиард теңгені құрайды. Бұл ақшаға кәсіпорын су құбыры мен кәріз желілерін салу, сондай-ақ өндірістік құрал-жабдықтарды жаңартуы қажет. Бүгінге дейін кәсіпорын екі миллиард теңгеден астам қаржыны игерді.

Жоспардағы ең қымбат жоба – сорғы станциясының су құбырларды ауыстыру болып шықты. Оның құны – 2,5 миллиард теңге. Осы желілер арқылы Ертіс суы екінші көтергіш сорғы станциясына жетіп, шаруашылық пен техникалық қажеттіліктерге бүкіл қалаға таратылады. Осындай екі су желісі болған.

Бұл учаскеде ұзындығы 4,6 шақырым болат құбырлар 1961 жылдан бері жұмыс істеген. Сараптама желілердің 90% тозғанын көрсетті. Сол себептен «Павлодар-Водоканал» ЖШС құбырларды полиэтиленге ауыстырып, сумен жабдықтау үшінші желісін қосуды шешті.

– Үшінші желісімен су құбыры тартылса, қалада су мәселесі болмайды. Біз ескі құбырларды алып тастап, жаңасын салар едік. Бірақ ескісін резерв ретінде сақтауға шештік. Жаңа құбырлар 50 жылға дейін кепілдік береді, – деді «Павлодар-Водоканал» ЖШС директорының орынбасары Валерий Филяев.

Материалдар павлодарлық өндірушіден сатып алынған. Төмен қысымды полиэтилен құбырларының артықшылықтарының бірі – олардың мұздатуға төзімділігі болып табылады. Егер желілерде мұз пайда болса, құбыр жарылып кетпейді, тек қана кеңейеді. Мұз еріген кезде, құбыр бұрынғы формасына оралады.