Павлодарда төрт ірі шығармашылық ұжым бірге өнер көрсетеді

Павлодарда төрт ірі шығармашылық ұжым бірге өнер көрсетеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Концертке кіру – тегін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

19 қаңтарда И.Байзақов атындағы облыстық филармонияда «Алтын бесік – туған ел» атты шығармашылық ұжымдардың үлкен концерті өтеді. 

– Концерттік бағдарламада Павлодар өңірінің өнерсүйер көрермені жерлес авторлардың туындыларын тыңдап тамашалай алатын керемет мүмкіндікке ие болады, – деді филармонияда. 

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Талғат Кәрімовтың жетекшілігімен Р.Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Мәдина Нұрғожинованың жетекшілігіндегі камералық хор, «Шернияз» және «Нұр» би ансамбль ұжымдары өнер көрсетеді. 

Жергілікті авторлардың шығармашылығын халыққа кеңінен таныстыру мақсатында концерт тегін өтеді.