Павлодарда төтеншеліктер аулалардағы жасанды кедергілерді бөлшектеді

Павлодарда төтеншеліктер аулалардағы жасанды кедергілерді бөлшектеді
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Аулалардағы жасанды кедергілер жедел қызметтердің жедел жұмысына үлкен қауіп төндіреді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомство қызметкерлері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен және полиция қызметкерлерімен бірлесіп, «Қауіпсіз аула» атты ауқымды акция өткізді. 

Іс-шараның негізгі мақсаты өрт сөндіру және жедел жәрдем сияқты жедел қызметтерге кедергісіз жол жүруді қамтамасыз ету болды. Акция барысында мамандар облыс орталығы аулаларында  орнатылған жасанды кедергілерді бөлшектеді. 

Арнайы көліктерге кедергі жасайтын блоктар, металл конструкциялар және басқа кедергілер алынып тасталды. 

–  Қиын жағдайларда әр минут адам өмірін сақтап қалу үшін шешуші болуы мүмкін. Белгіленген кедергілерден туындаған өрт сөндіру немесе жедел жәрдем жолындағы кез келген кідірістер қайғылы салдарға әкелуі ықтимал, – деді департаментте. 

ТЖД қызметкерлері облыс тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады. Әрбір тұрғын аулаларда арнайы техниканың өтуіне кедергі келтірмеу үшін жауапты болады. Төтенше жағдай кезінде адамдардың денсаулығы мен өмірі жедел әрекеттерге байланысты болуы мүмкін.