Павлодарда тағы бір трамвай жолында жөндеу жұмысы басталды

Павлодарда тағы бір трамвай жолында жөндеу жұмысы басталды

Мұнда трамвай жолдарында рельс-шпал торы ауыстырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәлімдеуінше, жөндеу жұмысы бүгіннен бастап, алдағы 20 күн тәулік бойы жүргізіледі.

- М.Жүсіп – Олжабай батыр көшелерінің қиылысында трамвай жолдарындағы рельс-шпал торын ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстары басталады. Осыған байланысты Химқалашық шағын ауданынан Назарбаев даңғылына өтетін жол жартылай жабылады, - делінген хабарламада.

Ал М.Жүсіп көшесіне бұрылыс ашық болады.⠀

Жұмыстар 11-30 қыркүйек аралығында тәулік бойы жүргізіледі.