Павлодарда тағы бір автобус қозғалыс бағытын уақытша өзгертеді

Павлодарда тағы бір автобус қозғалыс бағытын уақытша өзгертеді
Фото: ашық дереккөзден

Өзгеріс ертеңнен басталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, 19 қазанда сағат 9:00 -ден бастап Геринг көшесі бойындағы кәріз құдығының жабын плитасын ауыстыруға байланысты №11 автобус маршрутының қозғалыс схемасы уақытша өзгереді. 

- Жүргізілетін жұмыстарға байланысты Сүлейменов көшесі-Жібек жолы көшесі шекараларында автокөлік құралдарының қозғалысы шектелетін болады, - делінген хабарламада.

Ал №11 автобус Жібек жолы көшесі бойынша Нұрмағамбетов көшесіне солға бұрыла отырып, одан әрі Минин көшесіне солға бұрылып, Геринг көшесіне оңға және маршрут бойынша шығатын болады.

Сол сияқты кері бағытта.

Еске сала кетейік, Павлодарда бірнеше автобус қозғалыс бағытын уақытша өзгертті. Өзгерістер он күнге дейін жалғасады. Яғни 17 қазаннан 27 қазанына дейін № 1, 2, 126, 153 автобус маршруттарының қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізіледі.