Павлодарда темекі тұқылын көшеге лақтырғандар айыппұл арқалады

Павлодарда темекі тұқылын көшеге лақтырғандар айыппұл арқалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Олар көшедегі камераға түсіп қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, былтыр Павлодар облысының екі мыңға жуық тұрғыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылған.

Олардың әрқайсысына қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. 

- Мысалы, Павлодар қаласында Қайырбаев көшесінде бейнебақылау камераларының  объективіне екі ер адам түсті. Олар темекі шегіп болған соң, тұқылды жерге тастап, қоғамдық орынды ластаған, - делінген хабарламада.

Аталған құқық бұзушылық дерегі бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырып, құқық бұзушыларға айыппұл салды.