Павлодарда тиегіш жүргізушісі жүргізуші куәлігінен айырылды

Ол көлікті есірткіге мас күйінде басқарған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға М.Жүсіп – П. Васильев көшелерінің қиылысында орын алды.
– Полицейлер 37 жастағы ер адамның жүргізуімен JC-45 маркалы тиегішті тоқтатты. Әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің иісі шықты, куәландыру полицияның күдігін растады - жүргізуші есірткіге мас күйінде болды. 2021 жылы жүргізуші полицияның назарына түсіп қалғаны анықталды, ол үшін сот 2028 жылдың сәуіріне дейін жүргізуші куәлігінен айырған болып шықты. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде, – делінген хабарламада.
Полицейлер қызметтік автокөліктерде және апаттық-қауіпті учаскелерде орнатылған мобильді аппараттық-бағдарламалық кешендерді барынша пайдалана отырып, ЖЖЕ бұзушылықтарының жолын кесуге, сондай-ақ «Қауіпсіз жол» ЖПШ аясында жасақтар мен автопатрульдердің тығыздығын арттыруға назар аударады.
Айта кетейік, жыл басынан өңірде 120 жүргізуші мас күйінде жүргізуші куәлігінен айырылған.