Павлодарда тұрғын үйлерге қашан ыстық су беріледі
Бүгінгі таңда екі жүзден астам көп қабатты тұрғын үй ыстық сусыз отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс орталығының әкімі Хасар Хабылбековтың мәлімдеуінше, аталған мәселеге қатысты тұрғындар наразылығы артқан.
- Кеше облыс әкімінің мені тағайындау алдында қойған бірінші кезектегі міндеттерінің бірі қаланың көпқабатты тұрғын үйлерін ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесін жедел шешу болды. Бұл мәселе қала тұрғындарының көптеген негізді шағымдарын туғызуда. Өйткені, 5 қыркүйекте барлық тұрғын үйлерге ыстық су берілуі тиіс еді, - деп жазды шаһар басшысы өзінің Instagram парақшасында.
Бүгінгі таңда қалада 1277 көп қабатты тұрғын үйдің 223-сі (16%) ыстық сумен қамтамасыз етілмеген.
- Осыған байланысты біз 20 қыркүйекке дейін, сол күнді қоса алғанда, қаланың барлық КТҮ-ін ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірнеше маңызды шаралар мен шешімдерді қабылдадық, - деп түйіндеді Хасар Хабылбеков.
Еске сала кетейік, қаланың үш ЖЭО-сында 11 қазандықтың жөндеу жұмыстары аяқталды. Қалған төртеуі қазан айының соңына дейін аяқталады. Бүгінде барлық әлеуметтік, медициналық және білім беру нысандары жылу қабылдауға дайын. 1277 көпқабатты үйдің 1135-сі немесе 96 проценті қысқа даяр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram