Павлодарда төрт жасар бала 10 қабаттан құлап кетті

Павлодарда төрт жасар бала 10 қабаттан құлап кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шақырту Целинная көшесіндегі үйден түскен, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше,  сағат 21:41-де  шақыртуға жеделдіктің бірінші санаты бойынша жіберілген жедел жәрдем оқиға орнына үш минутта жеткен.

–  Төрт жасар бала жақын жердегі Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық ауруханаға – стационарға  жеткізілді,  – деді станцияда. 

Науқастың жағдайы тұрақтанғаннан кейін облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды.