Павлодарда зейнеткер әйел автобусқа отырып, жоғалып кетті
Анасының жоғалып кеткені жайлы қызы айтты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«VITA» еріктілер ұйымының мәлімдеуінше, 28 наурыз күні түскі уақытта 81 жасар Раиса Алексеевна үйден шығып, қайтып оралмады.Оның есте сақтау қабілеті нашар және көшеге көп шықпайтыны белгілі, қажет болған жағдайда дүкенге оның қызы барады.
– Бейнебақылау камералары арқылы әженің жоғалған күні №10 автобусқа отырғаны анықталды, бірақ оның қай аялдамада шыққаны мәлім емес, – делінген хабарламада.
Еріктілер тобы барлық ауруханаларға қоңырау шалып, әжені оның кеткен бағытымен іздеді, алайда зейнеткердің ізін таба алмады.
– Әже жаңа зират бағытында кетіп қалуы мүмкін деген оймен іздеу тобы сол бағытта аттанды, бірақ ауа райы мен күннің қараңғы уақыты іздеуді қиындатуда. Біз барлық бей-жай қарамайтындарға, әсіресе №10 маршруттың жүргізушілеріне жүгінеміз. Егер де әжені көрген болсаңыздар, дереу бізге хабарласуларыңызды сұраймыз, – дейді «VITA» еріктілер ұйымының іздеу жасағы.
Байланыс телефондары: +7(747)615-55-63 Катерина, +7(777)334-82-01 Светлана.
Посмотреть эту публикацию в Instagram