Павлодарда жүк көлігі өртке оранды

Павлодарда жүк көлігі өртке оранды
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Өрттің нақты себебі анықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 5 наурыз күні Павлодарда М.Жүсіп көшесінде жол бойында жүк көлігі қорабының өртенуі орын алды.

- Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері жедел келді. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт тез арада оқшауланып, толығымен жойылды, - делінген хабарламада.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. 

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және көлік құралдарының техникалық жағдайын уақтылы бақылау қажеттігін ескертеді.