Павлодарда жүкті әйелдерге арналған «бір күндік клиника» іске қосылады
Болашақ аналар үшін медициналық көмектің сапасы жақсарады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Бір күндік Клиника» жобасы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары айтып берді.
– Бұл жобаны жыл соңына дейін немесе келесі жылдың басында Павлодарда іске қосу жоспарланып отыр. Бұл Ақсу мен Екібастұздан, сондай-ақ аудандардан келген әйелдерге барлық қажетті рәсімдерді алуға, анализ тапсыруға және бір күн ішінде дәрігердің қарауынан өтуге мүмкіндік береді. Бұған дейін әйелдер мұның бәрін өту үшін Павлодарға төрт-бес рет баруға мәжбүр болған, – дейді басшы.
Толық скринингтік тексеру бірнеше сағатқа созылады. Қызметтер тізіміне ультрадыбыстық, биохимиялық скрининг, генетик және гинекологтың кеңесі кіреді. Қажет болса, клиникада аналар инвазивті әдістермен перинаталдық диагностикадан өтеді.
Жоба жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін жасалған. Мамандар заманауи жабдықты пайдаланады. Бұл патология туралы мүмкіндігінше ертерек білуге және қымбат уақытты ұтып алуға мүмкіндік береді.
Клиниканың іске қосылуы қаржыландыруға байланысты, өйткені жабдық арзан емес.
Іске асырылып жатқан тағы бір жоба – ахуалдық орталықтарды дамыту. Бұл облыстық перинаталдық орталық базасында жұмыс істейді. Сондай-ақ, әртүрлі қызметтерді сәтті үйлестіреді. Аталмыш жоба әйелдердің жағдайын бақылауға және тез әрекет етуге мүмкіндік береді.