Павлодарда жаңа су құбырына қайта кесу жүргізіледі
![Павлодарда жаңа су құбырына қайта кесу жүргізіледі](https://pavlodarnews.kz/uploads/images/202309/image_750x_6507f4783a327.jpg)
Жөндеу жұмыстары Мәшһүр Жүсіп көшесінде өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
"Павлодар-Водоканал" ЖШС мәлімдеуінше, Мәшһүр Жүсіп – Луначарский учаскесінде жаңадан төселген су құбырын қайта кесу үшін Мәшһүр Жүсіп көшесі бойынша Толстой көшесінен Олжабай батыр көшесіне дейін 500 миллиметр шаруашылық сумен жабдықтау магистральдік су құбырын қайта жаңарту жоспарланған.
- Осы жұмыстарға байланысты Мәшһүр Жүсіп көшесі, 169, 164 мекенжайындағы жеке үйлерде су болмайды. Жұмыстар 19 қыркүйек күні сағат 9.00-де басталып, келесі күні яғни 20 қыркүйек күні сағат 9.00 дейін жалғасады, - делінген хабарламада.
Компания қызметкерлері уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрай отырып, су қорын жинауды сұрайды.