Екінші Павлодарда көшелердің біріне уақытша қоғамдық көлік өте алмайды
Осыған байланысты №11 автобус бағытының қозғалыс кестесіне уақытша өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, 27 қыркүйегінде кәріз коллекторының плитасын ауыстыру жұмыстарына байланысты Якутская көшесі – Алтайская көшесінің шекарасында Геринг көшесі бойынша көліктердің қозғалысы шектеледі.
№11 автобус бағыты Жібек жолы көшесі бойымен жүріп, солға Нұрмағамбетов көшесіне бұрылып, одан кейін солға Минин көшесіне, әрі қарай оңға Геринг көшесіне шығады. Сол сияқты қарама-қарсы бағытта жүреді.
Еске сала кетейік, 30 қыркүйекке дейін №3 автобус Астана көшесі бойынша (Р. Люксембург - Ак.Шөкин көшелерінің шекараларында) қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізілген болатын.